Тілдер
12.01.2018 жылғы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот (МАЭС) шешімін орындау шеңберінде, Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сатыдағы қаулысы 03.09.2018 ж. және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (МАЭС –тің) 21.02.2020 жылғы шешімі бойынша «Kazakhmys Distribution» ЖШС (Kazakhmys Distribution) энергия таратушы ұйымы «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС мен «Казэнергоцентр» ЖШС арасында 2016-2017 жылдарға арналған электр энергиясының берілетін және таратылатын көлемін реттеді. Алынған мәліметтер бойынша «Казэнергоцентр» ЖШС 2020 жылдың қыркүйек айындағы төлем құжаттарындағы түзету нәтижелерін көрсете отырып, тұтынушыларына көрсетілген мерзімге түзету енгізді.
Тұтынушылар енгізілген түзетумен келіспеген жағдайда, байланыстарды болдырмау және санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау мақсатында «Казэнергоцентр» ЖШС тұтынушылардан kaz.ec@kazenergocentre.kz ресми электрондық поштасына хабарласуын сұрайды. Тұтынушылардың әр шағымы жеке негізде қаралады және ресми түрінде жауап беріледі.