Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

Сұрақ қою

Сұрақ
Келесі жылы тарифтердің өсуі күтілуде ме?
Жауап

«Казэнергоцентр» ЖШС тарифтерінің өсуі тек қана энергия өндіруші және энергия жеткізуші компанияларының қызметтер ақыларының өсуіне байланысты. 

Сұрақ
Ыңғайлылық себебімен мен коммуналдық қызметтерді Каспий КЗ арқылы төлеймін. Сіз сол сайтпен әрекеттесесіз бе?
Жауап

Ия, біз қызметтер ұсыну  бойынша шартқа отырғанбыз. Түбіртекетеріңізді «Kaspi Bank» АҚ-ның ]]>http://www.kaspibank.kz]]> сайтында комиссиясыз төлеп, төленген сомадан  2% құрайтын бонусқа ие болыңыз.

Сұрақ
Мен ЖК дәрежесінде жұмыс жасаймын, ал есепшот маған заңды тұлға ретінде ұсынылады. Неге?
Жауап

ҚР АК 19 б. 3 т. сәйкес: «Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметiне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше нәрсе туындамайтын болса, тиiсiнше осы Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады».

«Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысында да ұқсас сұрақтар бойынша нормативтік актілердің қолданылуы туралы толық түсініктеме берілген, сондай-ақ 5 т.   «Егер азамат заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қуатпен қамтамасыз ету шартындағы тараптың бірі болса, сондай-ақ заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгешелік туындамаса, онда коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін ережелер қолданылады».

Осыған сәйкес, «Казэнергоцентр» ЖШС электр энергиямен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтер үшін тарифті дәйекті және заңды түрде қолданды. Электр энергияны тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланбайтын тұлға (заіды немесе жеке) халық үшін тағайындалған тариф бойынша есептесе алмайды.

Сұрақ
Электр энергия неге соншалықты алыстан сатылып алынады? Неге жергілікті ЖЭЦ-дан сатылып алынбайды?
Жауап

Жергілікті ЖЭЦ өндіретін электр эгнергиясы аймақтағы электр энергиясына тұтынушылықты толықтай қамтамасыз ете алмайды.  «Казэнергоцентр» ЖШС-ің бірнеше электр энергияны өндіруші ұйымдармен ұзақ мерзімге құрылған шарттары бар, олар: «Екібастұз қаласының ГРЭС-1» ЖШС, «Қарағанды қаласының ГРЭС-2» ЖШС,  «Kazakhmys Energy» ЖШС, «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ, «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС, «Алюминий Казахстана» АҚ, «Евразиатская Энергетическая Компания» АҚ. Бүгінгі танда, тұтынушылар үшін электр энергияның жеткізілімі барлық аталған станциялардан ұсынылып отыр.

Сұрақ
Егер сапалық үшін жауапкершілік энергия жеткізуші компаниясына жүктелген болса, онда «Казэнергоцентр» ЖШС не үшін ақы алады?
Жауап

Төлем ақы ұсынылған электр энергия үшін өндіріледі, яғни энергия жеткізуші ұйым электр энергия көлемдерін тек қана жеткізеді де өз желілері бойынша үйлестіреді.  Ол көлемдер шамасын «Казэнергоцентр» ЖШС энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады.

Сұрақ
«Казэнергоцентр» ЖШС «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-ің құқықтық мұрагері болып табыла ма?
Жауап

Жоқ, «Казэнергоцентр» ЖШС жеке шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады. Заң тарапынан қарағанда «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-мен еш байланыс жоқ.

Сұрақ
Сіздер Ненің негізінде берешек туралы мәлімдеме жолдайсыз, өйткені мен төлемақымды «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-не төлеп жатырмын?
Жауап

«Жезказганский вестник» газетінің 29.01.2016 ж. күнгі №5 нөмірінде жарияланған Электрмен жабдықтаудың жария шарты негізінде   және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттың 22 т. 5 тт. сәйкес. Онда былай деп белгіленген, тұтынған электр энергиясының төлемін өтеу үшін тұтынушыға ай сайын төлем құжатын ұсынуға міндетті, біз оны толықтай орындап отырымыз және тұтынушыларға есептеу шотын ұсынуды тоқтату мүмкін емес. Төлемақының басқа ұйым шотына аударылуы, Сізді  «Казэнергоцентр» ЖШС алдындағы міндеттемеңізден босатпайды. «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-не төленген төлемақы бізге келіп түспейді.

Сұрақ
Сіздің Жезқазған қаласындағы әрекетіңіз заңды болып есептеле ме?
Жауап

Ия, заңды, «Казэнергоцентр» ЖШС Жезқазған қаласын энергиямен жабдықтаушысы бола отырып әрекетін 13.08.2015ж. күнгі №15015078 мемлекеттік лицензия негізінде заңды түрде жүзеге асыруда. Жезқазған қаласы «Жезказганский вестник» газетінің 29.01.2016 ж. күнгі №5 нөмірінде жарияланған Электрмен жабдықтаудың жария шарты негізінде 2016 жылдың 01 ақпанынан бастап Электр энергиясымен қамтыла бастады.

Сұрақ
Сіздің компанияңыз өзін кепілді жеткізуші ретінде танытады. Ол нені білдіреді? Сіздер өзіңізді кепілді жеткізуші ретінде білдіруіңіздің негізі неде?
Жауап

Егер нақты бір аймақта кез келген немесе барлық ЭЖҰ электрмен жабдықтауды тоқтататын болса, біздің компания барлық тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

«Казэнергоцентр» ЖШС электр энергия көлемдерін қабылдаудың себебі, ол электр энергияның жеткізілім жүйесінің жаңылуын болдырмау, Жезқазған қ. бойынша 01.02.2016 ж. күнінен және Сәтпаев қ. бойынша 01.06.2016 ж. күнінен бастап.   

Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларының 12 т. § 3 сәйкес: «Электр энергиясын кепілдікпен жеткізуші энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ішінен айқындалады, оның тұтынушылар құрамында жауапкершілік аймағына сәйкес басқа да энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен салыстырғанда тұрмыстық тұтынушылардың көп бөлігі болады».

Энергетика Министрлігінің 19.02.2016 ж. күнгі шығ. №12-05/3Т-Б-35 хаты негізінде «Казэнергоцентр» ЖШС электр энергиясын кепілдік жеткізушісі болып табылады, оны Жезқазған қаласы бойынша энергия жеткізуші ұйымның жергілікті атқарушы органдарына жолдаған 11.02.2016 ж. күнгі №01/170 хаты дәлелдейді және  Казэнергоцентр» ЖШС атына жолданған 01.04.2016 ж. күнгі №01/375 (15.03.2016 ж. күнгі біздің шығ. №154 хатымызға жауап) хатта «Kazakhmys Distribution» (Казахмыс Дистрибьюшн) ЖШС желілеріндегі энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымдарға қарағанда 2016 жылдың ақпан айында Жезқазған қаласы бойынша  «Казэнергоцентр»  ЖШС-ің тұрмыстық тұтынушыларды энергиямен жабдықтау пайызы  99% құрады» деп мазмұндалған.

ru