ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯНЫ ЖЕТКІЗУ СЫЗБАСЫ ҚУАТ БЕРУ КӨЗДЕН БАСТАП ТҰТЫНУШЫҒА ДЕЙІН

Электр энергиясы электр станцияларында өндіріледі де бізге, тұтынушыларға, тұрғын үйлерімізді жарықтандыруға, түрлі электр құралдарды– тоңазытқышты, электр плиталарынқыстыруға,мектептерде – біздің балаларға компьютермен және интеркативті тақталармен жұмыс жасауға, ауруханаларда жасанды тыныстық құрылғысы арқылы емделушілерге көмектесуге, фабрикалар мен зауыттарда өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Электр станциялардан (қуат алу көзінен) электр энергиясы электр өткізу желілері арқылы шағын станцияларға жеткізіледі, мұнда жоғарғы кернеулі электр энергиясы тұтынушылардың құралдарына арналған көрсеткіштерге дейін айналып әрі қарай жіберіледі. Энергия жеткізуші ұйымдар тек қана жеткізу мен үйлестірумен айналысады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар сұранымдар бойынша электр станцияларына жолданатын энергияның сатып алынуын жүзеге асырады, тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастырады және ол туралы жүйелік операторларды ақпараттандырады, Қазақстан Республикасында жүйелік оператор «KEGOC» АҚ болып табылады. Әрі қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергияны өзінің тұтынушыларына дейін жеткізеді (жеке және өзге де тұлғаларға). Әр қайссы үйінің маңында электр беріліс желілерін (сымдар мен олар бекітілген тіреулер) көреді, олар арқылы біз электр энергиясымен пайдаланамыз. Сөйтіп, электр желілері (электр беріліс желілері, шағын станциялар және с.ұ.) электр энергияны қуат беру көздерінен бастап тұтынушыларға жеткізу үшін тағайындалған. Бір ғана электр желісі арқылы электр энергиямен көптеген тұтынушы пайдалана алады.

Қорытындылай отрып, дәл электр қуаты арқылы адам заманауи бола бастайды деп айтуға болады! 

 

ru