Электрмен жабдықтау жеке келісімшар жасасу тәртібі туралы

Электрмен жабдықтау жеке келісімшар жасасу тәртібі туралы.

Қазақстан Республикасының энергетика Министірлігінің 31.10.2017 жылдың № 366 Бұйрығының әрекеттегі электр энергиясын пайдалану ережесіне өзгертулер енуіне байланысты  электрожабдықтау жеке келісім шарттарын жасасу тәртібі өзгертілді:

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде кернеу беруі мынадай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі:

- энергиямен жабдықтаушы ұйым осы Қағидалардың 4-1- тармағында көрсетілген құжаттарды және тұтынушы қол қойған электрмен жабдықтау туралы шарт жобасын қабылдаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға тиісті хабарлама жібереді;

- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымнан хабарламаны алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

- электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді;

- электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісін ресімдейді;

- электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесін энергиямен жабдықтаушы ұйымға жібереді;

- тұтынушының электр қондырғысына кернеу беруді жүзеге асырады.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым және тұтынушы электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің әрбір тарап үшін бір данадан 2 (екі) данасына қол қояды.

Электр энергиясын пайдалану ережесінің 23-1 п. алдын-ала ескерілген:

«Тұтынушыға электр энергиясын қосу және босату электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі болған кезде ғана жүзеге асырылады.»

Сондықтан, электрмен жабдықтау жеке келісім шартын жасасу үшін, тұтынушыға энергия беруші(өндіруші) мекемеден көрсетілген құжаттарды алуы қажет.

ru