Хабарлама

Хабарлама

«Казэнергоцентр» ЖШС Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп пен және қаржылық есептілік туралы» Заңының 1-бабы 2-тармақшасына сәйкес, бастапқы бухгалтерлік құжаттар - қағаз жеткізгіштегі құжаттық растамалар және электрондық құжаттар бухгалтерлік есептерді жүргізуге тең құқылы екендігін хабарлайды.

 Осылайша, бухгалтерлік есептерді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген және қол қойылған электрондық бастапқы құжаттар жарамды болып саналады және оның қағаз жүзіндегі көшірмесі талап етілмейді.

Осыған байланысты, «Казэнергоцентр» ЖШС Сізге 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған,  орындалған жұмыс актілерін  ]]>https://esf.gov.kz/]]> электронды порталы арқылы жіберетіндігі туралы хабарлайды.  Сондай-ақ төлемдер мен салыстыру актілері  ЭЦҚ көмегімен қол қойылатындығы туралы хабарлайды.

 

Құрметпен,

«Казэнергоцентр» ЖШС.      

 

ru