Тілдер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6-үй, тел. 8 7212 42-67-00, 41-18-27, сайт http://www.gov.kz/memleket/entities/krem ), Қарағанды облысының Топар кентінде электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне «Казэнергоцентр» ЖШС бағасының алдағы көтерілуі туралы ақпаратты қарау бойынша жария тыңдау өткізеді. Ақпарат Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес ұсынылды.
Қағидалардың 24-тармағына сәйкес елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері онлайн-трансляциялар арқылы Жария тыңдаулар өткізеді. Жария тыңдау 2021 жылғы 13 қазанда сағат 11:00-де Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде өтеді (https://www.facebook.com/dkrem.krg ), сондай-ақ ZOOM платформасында: https://zoom.us/j/2415502078?pwd=QWpVNDVzeHNDNlZhN GRLZ1BBd3NYdz09 (конференция идентификаторы: 241 550 2078, кіру коды: 123456).
Жария тыңдауға мәслихат депутаттары, тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, табиғи монополиялар субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері шақырылады.
Департаменттің байланыс телефондары: 8 (7212) 41-18-27, 42-67-00.
Байланыс телефоны "Казэнергоцентр " ЖШС": 8 (7212) 25- 82-15.