Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 121-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылуэнергетикасы, электроэнергетикасы және реттелетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) аясында Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» Заңына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, Заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтау ұйымдары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тұтынушыларды энергия тарату ұйымдарына беруге міндетті.

Осыған байланысты «Қазэнергоцентр» ЖШС өз тұтынушыларын 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шарттарын бұзу туралы хабардар етеді.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазэнергоцентр» ЖШС тұтынушыларына электрмен жабдықтауды «Жезказған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ-ның «Энергиямен жабдықтау» филиалы (БИН: 240941028768) жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

 

ru