Хабарландыру

Хабарландыру

Ұлытау облысында «Қазэнергоцентр» ЖШС-ның ақпаратын қарау бойынша жария тыңдаулар өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ұлытау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36-үй мекенжайында орналасқан «Қазэнергоцентр» ЖШС-ның Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Жаңаарқа қалаларының және Ұлытау аудандарының, сондай-ақ Ұлытау облысының Жәйрем кентінің тұтынушылары үшін электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (энергиямен жабдықтау) қызметтеріне шекті бағасының өзгеруі бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

Акпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес ұсынылған.

 

Жария тыңдаулар:

1) Жаңаарқа ауданында;

2) Жезқазған қаласында;

3) Сәтбаев қаласында;

4) Қаражал қаласында;

5) Жәйрем кентінде;

6) Ұлытау ауданында өтеді.

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдаулар Facebook әлеуметтік желісі арқылы келесі сілтеме арқылы онлайн режимінде көрсетіледі: ]]>https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6]]>.

 

Тыңдауларға мәслихат депутаттары, тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, табиғи монополиялар субъектілері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі – «Казэнергоцентр» ЖШС-дан бағалардың өзгеру жобасы және өзгеру себептерінің экономикалық негізделген есептеулері туралы ақпаратты сұрата алады.

 

Байланыс телефондары:

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті: 8 (7102) 76 02 47.

«Казэнергоцентр» ЖШС: 8 (7212) 25-82-15.

ru