Мен ЖК дәрежесінде жұмыс жасаймын, ал есепшот маған заңды тұлға ретінде ұсынылады. Неге?

ҚР АК 19 б. 3 т. сәйкес: «Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметiне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше нәрсе туындамайтын болса, тиiсiнше осы Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады».

«Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысында да ұқсас сұрақтар бойынша нормативтік актілердің қолданылуы туралы толық түсініктеме берілген, сондай-ақ 5 т.   «Егер азамат заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қуатпен қамтамасыз ету шартындағы тараптың бірі болса, сондай-ақ заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгешелік туындамаса, онда коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін ережелер қолданылады».

Осыған сәйкес, «Казэнергоцентр» ЖШС электр энергиямен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтер үшін тарифті дәйекті және заңды түрде қолданды. Электр энергияны тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланбайтын тұлға (заіды немесе жеке) халық үшін тағайындалған тариф бойынша есептесе алмайды.

ru