Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

(заңды тұлғалар мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер)

 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне энергиямен жабдықтау саласындағы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты «Электр энергетикасы туралы» Заңының 7-1-бабына сәйкес энергиямен жабдықтауды тұтынушыларды энергиямен жабдықтау функциялары 01.01.2025 жылдан бастап «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» акционерлік қоғамының атынан «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ – «Энергиямен жабдықтау» филиалына берілді.

Осыған байланысты, 01.01.2025 жылға дейін жасалған энергиямен жабдықтау шарттары жоғарыда аталған заңның күшіне байланысты жарамсыз болады.

Бастапқы кезеңде Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ – «Энергиямен жабдықтау» филиалы тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды тоқтатпайды, энергиямен жабдықтау жария шарт шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бірақ бұл ретте, болашақта электр энергиясын алғысы келетін тұтынушылар Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ – «Энергиямен жабдықтау» филиалымен 01.02.2025 жылға дейін электрмен жабдықтау шарттарын жасасуы қажет. Тұтынушының электрмен жабдықтау шартын жасасуға өтініші болмаған жағдайда компания тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтату құқығын өзіне қалдырады. (Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету ережелері 3-параграф).

Заңды тұлғалармен энергиямен жабдықтау шартын жасау қағаз жүзінде, ал мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелермен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жеке тұлғалар үшін электрмен жабдықтау шарттарын қайта жасау талап етілмейді. Энергиямен жабдықтау жария шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.

Энергиямен жабдықтауға арналған тарифтер 01.01.2025 ж. бастап жоғарыда аталған компания үшін бекітілген тарифтерге сәйкес қолданылады.

Шарттарды жасасуға қатысты сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7212) 25-54-19, 25-82-15, 8-771-096-42-10 e-mail: es.jrek@mail.ru.

          Балқаш қ, Казбекова көш. 19а, тел. +7 71036 56296, 56318;

          Приозерск қ, Балхашская көш. 7, +7 71039 52120, +7 705 751 83 48;

          Ақтоғай ауданы, Ақтоғай к, Бөкейхан көш. 2;

          Топар к. Н.Абдирова көш. 12 үй, тел. +7 72153 3-23-24, ұялы +7 705 751 36 39;

          Жезқазған қ., Алашахан көш. 16-2, тел. +77102 410889, 412199, 414717, ұялы +7 705 751 36 61;

          Сатпаев қ. Абай көш. 20, +7 7106333850, 33851, 34146, +7 771 0067308;

Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кен., Тәуелсіздік көш 23, +7 71030 27505;

Ұлытау ауданы, Ұлытау кен., Абай көш. 20, тел. +7 71035 21652,  Жезды кен, Құттымбетова көш. 18, тел. +7 71035 21944;

Қаражал қ, Тоимбекова көш, 9, тел. +7 705 751 83 49;

Жайрем кен, Металлургов көш, 27, тел. +7 777 006 12 18.

ru