Тілдер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6-үй, мекенжайы бойынша орналасқан (тел. 42-67-00, 41-18-27, сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/krem ) Балқаш қаласы, М.Қазыбекова көшесі, 19А мекенжайында орналасқан «Казэнергоцентр» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне шекті бағаны көтеру туралы хабарламасын қарау бойынша жария тыңдаулар өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляцияны қамтамасыз етумен (Facebook әлеуметтік желісі арқылы өтеді https://www.facebook . com/dkrem.krg:
1) Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінде;
2) Приозерск қ.;
3) Балқаш қ.;
4) Қарағанды облысы, Топар к. өтеді.
Тыңдауға мәслихат депутаттары, тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, табиғи монополиялар субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері шақырылады.
Департаменттің байланыс телефоны: 8 (7212) 41-34-20, «Казэнергоцентр» ЖШС байланыс телефондары 8 (7212) 25-82-15.