Төлем шотын ұсынудың заңдылығы.
С. Кожахметов атты тұтынушы Жезқазған қаласының сотына жүгінген, оның қойған талаптары: «Казэнергоцентр» ЖШС электр энергия бойынша ұсынылған берешектік соманы төлеу жөніндегі әрекетін заңсыз деп тану, моральдық залал мен соттық шығындардың орнын төлету.
2017 жылдың 18 маусымында Жезқазған қаласының қалалық соты С.Кожахметов мырзанынң арыздық талаптарын қанағаттандырды.
Соттың дәлелдерімен келіспей «Казэнергоцентр» ЖШС Қарағанды қаласындағы облыстық сотқа аппеляциялық шағын түсірді.
2017 жылдың 19 қыркүйегінде азаматтық істер жөніндегі Қарағандылық облыстық сот алқасы Жезқазған қаласының қалалық сотының шешімін жоққа шығарды да С.Кожахметовтың талаптарын қанағаттандырудан бас тартылсын деген жанадан үкім шығарды.
С.Кожахметов азаматтық істер жөніндегі Қарағандылық облыстық сот алқасының Үкімімен келіспей Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағымданды.
2017 жылдың 4 желтоқсанында азаматтық істер жөніндегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот алқасымен С.Кожахметовтың азаматтық істер жөніндегі Қарағандылық облыстық сот алқасының 2017 жылғы 19 қыркүйегіндегі Үкімін даулау туралы өтініші қабыл алынбады.
Осымен, азаматтық істер жөніндегі Қарағандылық облыстық сот алқасының, азаматтық істер жөніндегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот алқасының шығарған сот актілерімен бірге «Казэнергоцентр» ЖШС әрекеттерінде азаматтық заңнама нормаларының бұзушылығы байқалмаған деген факт және «Казэнергоцентр» ЖШС-мен көрсеткен қызметтер бойынша төлем шоттар тұтынушыларға заңды ұсынылуда деген факт белгіленді.
Осымен байланысты, «Казэнергоцентр» ЖШС тұтынушыларға әрекетін 2015 жылғы 13 тамызындағы №15015078 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады деп еске салады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергеясын сатып алады да Жария шарты мен ҚР АК 482 б. негізінде сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы бекіткен №143 «Электр энергиямен пайдалану қағидаларының» 58 пунктіне сәйкес электрмен жабдықтау шарттың талаптарына сәйкес тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысуды энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе тұтынудың өзге есеп айырысуы негізінде жазып берген төлем құжаты негізінде жүргізеді.
Барлық сұрақтар бойынша Жезқазған, Балхаш, Сәтпаев қалаларының КДҚ-не жүгінуге болады, сонымен қатар компанияныі ресми сайты мен «Казэнергоцентр» ЖШС бас кеңсесіне жүгінуге болады.
Құрметпен,
«Казэнергоцентр» ЖШС