Шартты құру

Шартты құру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан былай - ЭЭПҚ) сәйкес заңды тұлғалар мен заңды тұлға болып табылмай тұрып кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асырушы жеке тұлғалармен (ЖК) төмендегідей құжаттар негізінде Электрмен жабдықтау шарты жазбаша түрде жасалады:

  • «Казэнергоцентр» ЖШС директорының атына Электрмен жабдықтау шартын құру туралы өтініш жазылады, онда кәсіпорынның толық деректемелер көрсетіледі (заіды мекен-жай, ЖСН/БСН, банктік шот нөмірі, БСК, банк атауы).
  • Алдынғы электрмен жабдықтаушы ұйымның қабылдағандығы жайлы белгісі бар электрмен жабдықтау шартты бұзу туралы хаттың көшірмесі (жаңадан қосылған объектілерді есептемегенде).
  • Жеке деректемелерді жинақтап өндеуге жазбаша келісім тіркелген, электр энергиясымен тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын өзге тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тұлғасын куәландыратын құжаты. 
  • Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден\қайта тіркеуден өту туралы анықтамасы\ электр энергиясымен тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын өзге тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің куәлігі.
  • Жылжымайтын мүліктің тіркелген құқытары туралы немесе электрмен жабдықтау объектісіне қатысты меншік құқығын белгілейтін құжат (Сату-сатып алу шарты, жалға алу\беру шарты, қабылдау-тапсыру актісі, ҚР Үкіметінің, Әкімдіктің Объектіні ММ, АММ, РМКК балансына қою туралы Бұйрығы\Қаулысы сыйға тарту шарты, айырбас шарты, сот шешімі, жер учаскісі актісі, объектіні пайдаланысқа еңгізу актісі және с.ұ.). 
  • Басшының уәкілеттігін растайтын құжат немесе Электрмен жабдықтау шартын құруға құқық беретін өзге тұлғаны тағайындау туралы құжат (бқйрық, сенімхат).
  • Энергия шаруашылығын жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық.
  • Тұтынушының электр желілеріне қосылу сызбасы бар теңгерімдік тиесілік пен тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігі актілері
  • Техникалық жағдайлар. 
  • Бір сызықты сұлба.
  • Электр энергияны есепке алу туралы мәліметтер (коммерциялық есепке алу құрылғылар туралы мәліметтер).
  • Тоқ қабылдағыштың белгіленген қуаттылығы туралы мәліметтер. 
  • Айлар бойынша ажыратылған электр энергиясымен пайдаланудың шартты көлемедері (кВтч).
ru