Хабарландыру

Хабарландыру

Ұлытау облысының Қаражал қаласынында және Жәйрем кентінде«Қазэнергоцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шекті бағаның алдағы көтерілуі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36 үй мекен - жайында орналасқан «Казэнергоцентр» ЖШС-ның Ұлытау облысының Қаражал қаласынында және Жәйрем кентінде тұтынушылар үшін электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (энергиямен жабдықтау) қызметіне шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы ақпаратын қарауға байланысты жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.

Акпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес ұсынылған.

Жария тыңдаулар:

- Жәйрем кентінде 2024 жылғы 6 наурыза сағат 11:00-де, Абай көшесі 22,
«Жәйрем кентінің МДО» КМҚК
мекенжайы бойынша;

- Қаражал қаласында 2024 жылғы 6 наурыза сағат 14:00-де, Абай көшесі 10, «Қаражал қаласының МДО» КМҚК мекенжайы бойынша өткізіледі.

Сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде көрсетіледі ]]>https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6]]>)

Жария тыңдауларға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Баға жобасы туралы, сондай-ақ «Қазэнергоцентр» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінен жария тыңдауларға қатысушылар экономикалық негізделген есептеулермен өзгеру себептері туралы ақпаратты сұрату құқығында.

Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7102) 76 02 47.

«Казэнергоцентр» ЖШС-ның байланыс телефоны: 8(7212) 25-82-15.

ru