Сіздің компанияңыз өзін кепілді жеткізуші ретінде танытады. Ол нені білдіреді? Сіздер өзіңізді кепілді жеткізуші ретінде білдіруіңіздің негізі неде?

Егер нақты бір аймақта кез келген немесе барлық ЭЖҰ электрмен жабдықтауды тоқтататын болса, біздің компания барлық тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

«Казэнергоцентр» ЖШС электр энергия көлемдерін қабылдаудың себебі, ол электр энергияның жеткізілім жүйесінің жаңылуын болдырмау, Жезқазған қ. бойынша 01.02.2016 ж. күнінен және Сәтпаев қ. бойынша 01.06.2016 ж. күнінен бастап.   

Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларының 12 т. § 3 сәйкес: «Электр энергиясын кепілдікпен жеткізуші энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ішінен айқындалады, оның тұтынушылар құрамында жауапкершілік аймағына сәйкес басқа да энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен салыстырғанда тұрмыстық тұтынушылардың көп бөлігі болады».

Энергетика Министрлігінің 19.02.2016 ж. күнгі шығ. №12-05/3Т-Б-35 хаты негізінде «Казэнергоцентр» ЖШС электр энергиясын кепілдік жеткізушісі болып табылады, оны Жезқазған қаласы бойынша энергия жеткізуші ұйымның жергілікті атқарушы органдарына жолдаған 11.02.2016 ж. күнгі №01/170 хаты дәлелдейді және  Казэнергоцентр» ЖШС атына жолданған 01.04.2016 ж. күнгі №01/375 (15.03.2016 ж. күнгі біздің шығ. №154 хатымызға жауап) хатта «Kazakhmys Distribution» (Казахмыс Дистрибьюшн) ЖШС желілеріндегі энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымдарға қарағанда 2016 жылдың ақпан айында Жезқазған қаласы бойынша  «Казэнергоцентр»  ЖШС-ің тұрмыстық тұтынушыларды энергиямен жабдықтау пайызы  99% құрады» деп мазмұндалған.

ru