Тұрмыстық тұтынушымен шарт құру үшін құжаттар тізімі «Казэнергоцентр» ЖШС-мен электрмен жабдықтау бойынша жеке шартын жасасу үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:
Жеке куәлік (меншік иесінің/тұрғын үйді жалға алушы) – көшірме және түпнұсқа (сәйкестендіру үшін).
Электрмен жабдықтау объектісіне қатысты меншік құқығын белгілейтін құжат: пәтердің/үйдің/гараждың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты және басқасы, жер учаскісінің актісі), немесе нақты мекен-жайы бойынша тұруды рұқсат ететін құжат (жалдау шарты, қызмет бабындағы пәтерді ұсыну туралы шешім\бұйрық) - көшірме және түпнұсқа (сәйкестендіру үшін).
Жеке деректемелерді жинақтауға және өндеуге келісім бер туралы өтініш.
Тұтынушының электр желілеріне қосылу сызбасы бар теңгерімдік тиесілік пен тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігі актілері (көп пәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды есептемегенде).
Техникалық жағдайлар (көп пәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды есептемегенде).
Коммерциялық есепке алу құралы (аспабы) туралы мәліметтер.
ХҚКО-нан мекенжай анықтамасы және\немесе КСК мөрімен куәландырылған тұрғын үйдегі\пәтердегі тұрғындар саны туралы анықтама.